Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК-нің KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі eGov атынан жаппай спам таратылатыны айқындалғанын ескертеді

Талдау жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы аумағынан тыс орналасқан https://fdx1.info/egov домені телефон нөмірлерінің базасын толықтыру мақсатында «egov.kz – электрондық үкімет» атынан мобильдік мессенджерлер арқылы спам-жіберуді жүзеге асыратыны анықталды. 

 “1991 – 2018 жылдар аралығында Қазақстан немесе Ресей Федерациясы аумағында жұмыс істегендер *eGov-тан 650.000,00 ₸ алуға* құқылы. Өз есіміңізді осындай ақша қаражатын алуға құқығы бар адамдардың тізімінен тексеріңіз.”

СМС хабарламалар мен біржолғы парольдер келетін телефонның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мұқият қараңыз. Егер осындай телефон ретінде смартфон пайдаланыла – оған вирусқа қарсы БҚ орнатуды қатаң түрде ұсынамыз.

Зақымдау әрекеттерін жасау үшін пайдаланушыда күдік тудырмайтын форматтардағы (мәселен,  doc, pdf, xls) файлдар пайдаланылуы  мүмкін. Файлдардың кең таралған форматтарының (соның ішінде – белгілі кеңсе қосымшаларының) басым бөлігін зақымдау үшін пайдалануға болатынын ескеруді сұраймыз.

Кез келген күдікті хатты (белгісіз адресаттан, күтпеген тақырыпта, қандай да бір операцияны Сізге дереу немесе қысқа мерзімде орындау ұсынылатын (не Сізді мәжбүрлеуге әрекет жасалатын) – зиянды ретінде қарауға кеңес береміз.

Жіберушінің мекенжайын мұқият тексеруге кеңес береміз – зиянкестер мекенжайдағы бір-екі әріпті өзгертіп, Сізге хатты Сіздің танысыңыздың немесе сенімді ұйымның атынан жіберуі мүмкін. 

KZ-CERT қызметі пайдаланушыларға екі есе қырағылық танытып, сенімсіз ақпарат көздерінен алынған күдікті хаттар мен файлдарды ашпауды ұсынады.