Жаңа күшпен алушы KeyPass БҚ анықталды

Желіде  күшпен алушы STOP БҚ нұсқаларының KeyPass деп аталатынын тарату бойынша жаңа зиянды кампания тіркелді.

Қазіргі уақытта зиянкес нақты қалай таралатыны анық емес. Бір пайдаланушылардың айтуынша, ол пираттық KMSpico БҚ-сын орнатқаннан кейін пайда болған, алайда басқа пайдаланушылар ештеңе орнатпаған.

ID Ransomware ресурсының деректеріне сәйкес KeyPass зақымдау туралы хабарламалар 20-дан астам елдерден келіп түсті.

Атауларының ұқсастығына қарамастан, аталған зиянкестің парольдерді басқаруға арналған KeePass белгілі утилитасымен ортақ ештеңесі жоқ.

KeyPass-мен зақымдалған жүйеде барлық файлдар шифрланады, содан кейін оларға KEYPASS. кеңейтуі қосылады. Сондай-ақ күшпен алушы БҚ ақы төлеу жөніндегі нұсқаулықты алу үшін !!!KEYPASS_DECRYPTION_INFO!!!.txt атауымен keypass@bitmessage[.ch] немесе keypass@india[.com] электрондық поштасына хабарлама жіберу бойынша нұсқаулық қамтылған, ақы төлеуді талап ететін файлды құрады.

Ақпарат көзі: www.securitylab.ru