KZ-CERT Халықаралық FIRST 2018 конференциясына қатысты

KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі 2018 жылғы 24-29 маусым аралығында Куала-Лумпур Малайзия қаласында өткен Халықаралық FIRST 2018 конференциясына қатысты.

FIRST инциденттерге әрекет ету саласындағы жетекші ұйым және танымал әлемдік көшбасшы болып табылады.  FIRST мүшесі болу ұсынымдарға, аспаптар мен FIRST мүше - топтарымен сенімді байланыста болуға қолжетімділік бере отырып, инциденттерге әрекет ету топтарына қауіпсіздік инциденттеріне барынша тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді.