Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасының Байланыс әкімшілігі мен серіктік байланыс операторы «Газпром ғарыштық жүйесі» АҚ өкілдері арсында кездесу өтті

2017 жылғы 14-16 қараша аралығында Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында  55° ш.ұ. орбиталды жайғасымындағы «Yamal-402» және 58,5° ш.ұ. орбиталды жайғасымындағы «KazSat-3» серіктерін кедергісіз бірлесіп пайдалану шарттарын құру бойынша Қазақстан Республикасының Байланыс әкімшілігі мен серіктік байланыс операторы «Газпром ғарыштық жүйесі» АҚ өкілдері арсында үйлестіру бойынша кездесу өткізілді.
Аталмыш кездесудің мақсаты болып ТЖЖ (тіркелген жерсеріктік жүйе) жоспарының Ku-диапазонының жиіліктер жолағындағы 58,5° ш.ұ. орбиталды жайғасымындағы «KazSat-3» және 55° ш.ұ. орбиталды жайғасымындағы «Yamal-402» қолданыстағы серіктерінің пайдалану сипаттамаларын үйлестіру мәселелерін талқылау, сондай-ақ аталмыш серіктерді кедергісіз пайдалануды қамтамасыз ету табылады.
Қазақстан Республикасының делегациясының атынан «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК мен «KazSat» байланыс және тарату серіктік жүйесінің ұлттық операторы болып табылатын «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ өкілдік етті.
2014 жылы «KazSat-3» серігін ұшырған сәттен бастап, «Yamal-402» және «KazSat-3» серіктерінің арасында өзара кедергі келтіретін жағдайлар (ТЖЖ жоспарының Ku-диапазонының жиіліктер жолағында) тіркелмеген, бұл серіктік байланыс операторлары жүргізетін серіктерді бірлесіп пайдалану жұмыстарының сапалылығын көрсетеді.
Аталмыш кездесу кезінде тараптар «Yamal-402» және «KazSat-3» серіктері арасында қиылысатын жиіліктер жолағында электромагниттік үйлесімділігі қамтамасыз етілетін бірлесіп пайдалану шарттарын құрды және келісті.
Сонымен қатар, тараптар серіктік байланыс аясындағы мәселелердің кең шеңбері бойынша алдағы уақыттағы өзара серіктестік туралы ниеттерін білдірді.

Өткізілген кездесудің нәтижесі келіссөздің Хаттамасына қол қою болды.