WannaCry күштеп алушы-вирус сәтті бұғатталғаны туралы хабарлайды KZ-CERT

         KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің (бұдан әрі-ИҚБШ) қорғауындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне кибершабуылдар жасау әрекеттеріне жол берілмегенін хабарлайды.
         WannaCry күштеп алушы-вирустың көмегімен 12 мамырда басталған хакерлік шабуыл осы уақыт ішінде 150 елдегі 100 мыңнан астам ұйымға қатер төндірді.
         Дүйсенбі күні жасалған халықаралық шабуылдың нәтижесінде бопсалаушылар пайдаланушылардан жалпы сомасы 42 мың долларға жуық (23,5 биткоин) ақы төлеткені белгілі болды.
         Соңғы 12 сағат ішінде жасалған шабуылдардың кестесі.

 

 ИҚБШ 2017 жылғы мамырдың 12-15 аралығында WannaCry осалдығы бойынша жасалған 645 кибершабуылға жол бермеді.