WannaCry – зиянды БҚ-ның күштеп алуын болдырмауға арналған аспап әзірленді.

      KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі испанияның CCN-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінің әріптестері зиянды бағдарламалық қамтылымның таралуына жол бермеуге арналған бағдарламаны әзірлеп шығарғанын хабарлайды.
       Аспап компьютерде WannaCry 2.0 зиянды кодының орындалуын болдырмайтын өзара болғызбау алгоритмін құрайды. Аталған аспап зақымдалған компьютерлерді тазалауға арналмағанын атап өткен маңызды.
CCN-CERT бағдарламаны әрбір қайта қосылған сайын іске қосу қажеттілігін атап көрсетеді. Бұл үдерісті Windows тізілімін өзгерту немесе доменде тиісті саясаттарды іске асыру жолымен автоматтандыруға болады.
       Аталған бағдарлама Windows барлық нұсқаларында жұмыс істейді - https://www.ccn-cert.cni.es/en/updated-security/ccn-cert-statements/4485-nomorecry-tool-ccn-cert-s-tool-to-prevent-the-execution-of-the-ransomware-wannacry.html