МТҚ РМК қызметкерлері Жеңіс Күнін мерекелеу қарсаңында Ұлы Отан Соғысы ардагерлерін құттықтады

Жеңіс Күнін мерекелеу қарсаңында МТҚ РМК қызметкерлері Ұлы Отан Соғысы мен тыл ардагерлеріне барып, оларға шын жүректен алғысын білдіре отырып, амандық және денсаулық тілеп, мерекемен құттықтады. Олардың ішінде:

Ячменев Иван Леонтьевич;

Тютюн Иван Федорович;

Тюваев Федор Кузьмич;

Соколовский Петр Андреевич;

Соколов Михаил Карпович;

Сафаров Абдурахман;

Садырбеков Кубайдолла;

Полетаева Валентина Алексеевна;

Писарева Екатерина Стефановна;

Нұрмағанбетов Қабылтай;

Мамыров Сиқымбай;

Махамбетов Мысалы;

Лончаков Иван Ильич;

Комаров Дмитрий Петрович;

Байкен Айдархан Байкенұлы.

Ардагерлерге гүл сыйлап, естелік сыйлықтар, азық-түлік жиынтығы берілді, ақшалай көмек көрсетілді. Бұл – бүгінгі ұрпақтың жеңімпаздар ұрпағына деген үлкен құрметі мен ықыласының тек қана бір бөлігі.

Ұлы Жеңіске жеткенімізге 70 жыл толып отыр. Әкелеріміз бен аталарымыздың ұрыс майданындағы ерлігі, олардың тылдағы батырлық еңбегі, туған жеріне деген сүйіспеншілігі халық жадысында мәңгілік қалады. Бұл біздер – жас ұрпақ үшін отаншылдық өлшемі, біздің алға ұмтылысымыздың көрінісі болады.

МТҚ РМК барлық ардагерлерді ұлы мерекемен құттықтайды, ұзақ ғұмыр, денсаулық пен бақыт тілейді!