RIGF-2015 Интернетті басқарудың алтыншы ресей форумы

2015 жылдың 7 сәуірінде Мәскеу қаласында Интернетті басқарудың алтыншы ресей форумы өтті. Форумды РФ Байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігінің, Техникалық Интернет орталығының, Касперский зертханасының, ICANN мен РАЕК қолдауымен Интернет желісі ұлттық доменнің үйлестіру орталығы ұйымдастырды.

Биылғы жылы форум әлемнің 27 елі мен 4 континеттің- Еуразия, Африка, Солтүстік және Оңтүстік Америка – 500 жуық қатысушыларының басын қосты. Форумның негізгі тақырыбы түрлі елдердің интернетті басқару саласындағы мемлекеттік саясатының әралуандығы болды. Форумға қатысушылар киберқауіпсіздік, желіде жеке өмірді қорғау мәселелерін, сондай-ақ жоғарғы деңгейдегі жаңа домендерді дамыту келешегін талқылады. Осы тақырыптағы айқын әңгімеге жетекші сарапшылар - сала, мемлекет, ғылым және бизнес өкілдері қатыстырылды. Форумға «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК қызметкерлері де қатысты. «За заслуги перед интернетом» орденімен марапаттау жыл сайынғы форумның дәстүрлі кезеңіне айналды.

Биылғы жылы орденмен заманауи интернетті құрушылардың бірі, қазіргі желі жұмыс істейтін заманауи интернет-хаттамалары мен жүйелерді әзірлеуші және авторы болып табылатын Пол Викси марапатталды. Интернетті басқарудың ресей форумында жыл сайын дүниежүзілік интернет-гурудың бірі дәріс оқиды. Биылғы жылы дәрісті Интернет инженерлік кеңесінің (IETF) төрағасы Яри Аркко оқыды. Дәріс «заттар интернеті» тақырыбында болды.