«Инфофорум 2015» атты XVII ақпараттық қауіпсіздік форумы

2015 жылғы 5-6 ақпан аралығында Мәскеуде «Инфофорум 2015» атты 17-і ақпараттық қауіпсіздік форумы өтті. Бұл жыл сайын Ресей мен шет елдердің 1000 астам мамандарын жинайтын Ресей Федерациясының ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттық технологиялар саласындағы ең ірі іс-шараларының бірі.

Инфофорум алаңын мемлекеттік органдармен қатар бизнестің де мүдделерін білдіретін кәсіпқойлар жоғары бағалайды. Инфофорум РФ Мемлекеттік Думасының Қауіпсіздік және коррупцияға қарсы іс-қимыл комитетінің, РФ Қауіпсіздік Кеңесінің, Ресей ІІМ, Ресей ФҚҚ, РФ ҚК Бас штабының, РФ Байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігінің, басқа да бірқатар министрліктер мен ведомстволардың, ресейлік және халықаралық жетекші АТ-компаниялары мен қауымдастықтардың қолдауымен және қатысуымен өтті.

Форумға «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК жұмыскерлері қатысты.

Инфофорум-2015 бағдарламасы оннан астам тақырыптық бағдарды қамтып, қатысушылар түрлі салаларда – интернет, электрондық сервистер, мемлекеттік басқару, банк секторы, білім беру және тағы басқа ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің көкейкесті мәселелерін талқылады. Форум жұмыс істеген екі күннің ішінде 150 артық сөз сөйлеулер мен таныстырулар, сала кәсіпқойлары тарапынан ақпараттық қауіпсіздік бойынша мастер-класстар өткізілді,

ИТ-компаниялар жаңа өнімдері мен нарықта жақсы танымал болған шешімдерін көрсеткен көрме экспозициясы жұмыс істеді. Сонымен қатар форум барысында ақпараттық қауіпсіздік саласындағы «Серебряный кинжал» кәсіптік премиясының лауреаттарын және «Инфофорум - Новое поколение» жас мамандар конкурсының лауреаттарын марапаттаудың 12-і салтанатты рәсімі өтті.