Назар аударыңыз! Ақпараттық коммуникациялық технологиялар олимпиадасы басталды!

«Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК Қарағанды мемлекеттік техникалық университетімен бірігіп 3-4 курс студенттері және магистранттарының назарын аударады және жоғарғы оқу орындары арасындағы «Ақпараттық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік және радиотехника» атты студенттік олимпиадасына тіркелу басталғанын хабарлайды.

Қалаушылар тіркелу рәсімдерін ағымдағы жылдың 2-4 сәуір аралығында http://olimpiada.ctsat.kz сайтында өтінім беру арқылы өтуге болады. Осы сайтта қызықтыратын сұрақтарға жауап таба аласыз.

Олимпиадаға қатысу ақысыз. 

Жарыс жеңімпаздарын бағалы жүлделер күтуде - смартфондар мен планшеттердің танымал модельдері. 

Өзіңе сен! Жарысқа қатысып, олимпиаданың жеңімпазы атан және «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК-на жұмысқа орналасуға мүмкіндік ал!