Ғаламдық киберқауіпсіздік ынтымақтастығы мәселесі талқыланды

Бакуде 19-ші Әзірбайжан халықаралық көрмесі мен BakuTel-2013 - «Телекоммуникациялар және ақпараттық технологиялар» конференциясы аясында «Ғаламдық киберқауіпсіздік ынтымақтастығы: проблемалар мен перспективалар» тақырыбында конференция өтті.

 

Шарада Қазақстан атынан Ұлттық телекоммуникация қауымдастығының президенті Асылбек Хайрушев, ҚР ККМ «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК директорының орынбасары Аянжан Бұлдыбаев, министрліктің бас сарапшылары Раушан Шаухина мен Айнур Шынарқұлова қатысты.

 

Конференция барысында киберқауіпсіздіктің барлық аспектілері талқыланды. Интернет-кеңістіктегі маңызды ақпаратты қорғауға бағытталған шара жоғары деңгейдегі өкілдер мен үкімет, бизнес, ҮЕҰ-ның жетекші мамандарының басын қосты. Олар болашақ ынтымақтастықтың перспективаларын зерттеу үшін жиналды.