Ташкент қаласында радиожиілік спектрін басқару бойынша жұмыс тобының отырысы өтеді

2014 жылдың 12-14 наурызы аралығында Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында радиожиілік спектрін басқару бойынша Жұмыс тобының 4-ші отырысы және БАЫ Комиссиясы жанындағы радиохабар тарату бойынша Жұмыс тобының жерсеріктік орбиталар және радиожиіліктік спектрді пайдалануды реттеуге қатысты 3-ші отырысы өтеді.

Бұл отырыстарға «МТҚ» РМК мамандары қатысатын болады. Жұмыс топтарының отырыстары 2014жылғы 14 наурызда бірлескен секция ұйымдастырумен қатар жүреді. Мұнда БАЫ-ның «Әр түрлі радиоқызметтердің 407-862 МГц радиожілік ауқымын пайдалану перспективалары» Есебінің жобасына Жұмыс құжаты құрылымын әзірлеу және 407-862 МГц радиожілік ауқымын радиоқызметтермен қазіргі уақыттағы және жоспарлаулы қолдануы бойынша мәліметтерді талдау сұрақтары қарастырылады.