Қазақстан Республикасы және Малайзия байланыс әкімшіліктері делегацияларының арасындағы келіссөздердің нәтижелері туралы

2014 жылғы 20-23 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының Астана қаласында Қазақстан Республикасы және Малайзия байланыс әкімшіліктерінің делегациялары спутниктік желілерге жиілік беруді үйлестіру мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді.

Қазақстан делегациясы атынан Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК-нің, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ-ның қызметкерлері қатысты.

 Аталған кездесуге «МТҚ» РМК қызметкерлері Қазақстан Республикасының байланыс әкімшілігінің техникалық сарапшылары ретінде қатысты.

Келіссөздер барысында С/Ku/Ка-диапазондарында Қазақстанның және Малайзияның жиілік беруін үйлестіру бойынша бірқатар техникалық мәселелер қарастырылды.

Келіссөздер өзара түсіністік, ынтымақтастық жағдайында және еркін түрде өтті.

Екіжақты кездесудің нәтижелері Қазақстан Республикасы және Малайзия делегацияларының басшылары қол қойған келіссөздер хаттамасында көрсетілген.