«Қазақстан -2050» Стратегиясына сәйкес ақпараттық қауіпсіздік» II - і халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2014 жылғы қазанның 15-17 аралығында Астана қаласында «Қазақстан - 2050» Стратегиясына сәйкес ақпараттық қауіпсіздік» II- і халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы шеңберінде ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі ҚР Инвестициялар және даму, сонымен қатар Білім және ғылым министрліктерімен бірігіп ұйымдастырған ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін кеңінен талқылау өткізілді.

Жалпы отырыста конференцияға қатысушылардың алдында ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің меңгерушісі Манат Толымбеков, Atak Solutions компаниясының директоры (Беларусь Республикасы) Алла Томашевич және М.Ломоносов атындағы МГУ Ақпараттық қауіпсіздік проблемалары институтының профессоры (Мәскеу) Валерий Ященко құттықтау сөз сөйледі, деп хабарлайды kazpravda.kz.

Ақпараттың мақсатты функциясы оның даму және басқару процестеріне маңызды әсер ету мүмкіндігінде екендігі белгілі. Бұл ретте «ақпарат» және «басқару» ұғымдарының өзара байланысы барлық уақытта ақпарат – бұл біздің материалдық және рухани дүниемізді құрайтынның барлығы туралы кейбір өзгешеліктерді немесе мәліметтерді білдіру деген аксиомаға сүйенген.

Барлық уақытта тек қана ақпарат ғаламдық мәдениет көздерінің сабақтастығын қоса алғанда, жер өркениетінің ең маңызды эволюциялық даму процестерінің бастамашысы болып, бұл бір мемлекеттерге басқа халықтардың революциялық жетістіктерін үлгі ретінде алуға және соның негізінде жеке өздерінің игіліктері мен құндылықтары әлемін қалыптастыруға мүмкіндік берген. Осы тұрғыда көшелерді асфальттау ежелгі Вавилонда белгілі болып, бірақ содан кейін аталған тәжірибе тек 1922 жылы Швейцарияда қайта басталғаны есте қаларлық. Мүмкін уақыттағы айтарлықтай алшақтықты бұл хронология туралы толық ақпараттың болмауы түсіндіріреді.

Қазіргі әлемде өткенмен салыстырғанда геометриялық прогрессияда ұлғайып келе жатқан, қандай болсын ақпараттың жетіспеушілігі байқалмайды. Бұл ретте барлық мемлекеттік басқару жүйелерінің электрондық негізге көшуі бүгінгі күні ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қауіптер факторларымен байланысты уақыттың жаңа талпыныстарын тудырды.

ҚР БҒМ Ақпараттық және есептеу технологиялар институтының ақпараттық қауіпсіздік саласындағы сарапшысы Рустем Бияшев конференциядағы сөзінде атап өткендей, бүгінгі күні кибер­ - қауіптерге байланысты кең тараған қылмыстар – бұл үкімет мекемелерінің дерекқорларын бұзу және энергетикалық АЭС, ГЭС және басқаларды қоса алғанда, өндірістік объектілерінің автоматты басқару жүйелерін істен шығару. Сонымен қатар қаржылық және басқа ақпаратты көшіріп алуға байланысты хакерлік факторлар киберқылмыстың жалпы тараған түрлері болды. Бүгінгі күні хакерлер шабуылына ағымдағы операцияларды электрондық форматта жүзеге асыратын барлық компаниялар ұшырауда. Алайда, әдетте, АҚШ, ҚХР, РФ, Шығыс Еуропа елдерінің компаниялары хакерлердің негізгі объектілері болып табылады.

Сарапшылар 2012 жылы құқық қорғау органдарына кибербұзушылардың шабуылы туралы АҚШ-тың 760 жуық компаниясы хабарлағанын, ал 2013 жылдың 10 наурызында «Синьхуа» агенттігі ҚХР киберпираттардың жаппай шабуылы туралы деректерді жариялағанын белгілейді. Бұл деректерге сәйкес қытайдың киберқауіптермен күрес жөніндегі органдары ҚХР аумағында 2 млн. зиянданған компьютерді басқарған 6 747 серверді айқындаған. Бұл ретте аталған сервердің 2 мыңнан астамы АҚШ-та орналасқаны анықталды. Яғни олар қызмет еткен кезде қытай ақпараттық ресурстары ақпаратты көшіріп алу үшін қол жетімді болған.

Сонымен қатар конференцияда Ресей Федерациясының ақпараттық ресурстарына тек қана 2014 жылдың бірінші тоқсанында 75 млн астам кибершабуыл жасалғаны айтылды. Орташа есеппен бұл күніне 1 млн диверсиядан артық! Мұндай жағдайда, әсіресе Ирак, Пәкістан мен Ауғанстан аумағында жиналған батыл ислам топтарының стратегиялық қозғалыстарының ықтимал векторының бірі Орталық Азия болып табылуын ескерсек, қазақстандық электрондық ресурстар да шетте қалмайды.

Қазіргі уақытта жаһандық терроризммен ұлттық күрес тәсілдерінің парадигмасы қандай көкейкесті салаларға ауысып отырғаны туралы Үнді ҚМ Қорғаныс зерттеулер және әзірлемелер ұйымының өкілі Амит Шарма баяндап берді.

Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы сарапшылар ретінде «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК қызметкерлері сөз сөйледі.

Бірқатар сарапшылар сөздерінің шеңберінде мемлекеттердің осы бағытта күштерін біріктірусіз заманауи мәселе – киберқауіппен – тиімді күрестің мүмкін еместігі жөнінде басты пікір айтылды. Құпия және жасырын ақпаратқа қол жеткізу мақсатында жүйелерге енгізілетін күрделі компьютерлік вирустарды пайдалана отырып жасалатын мақсатты шабуылдар туралы айтсақ, мұндай жағдайда ұқсас қауіптерден қорғау бола алатын жүйелі ақпараттық қалқанның керектігі сөзсіз.

дата материала: 
18.10.2014