Австралия компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметімен (CERT AUSTRALIA) ынтымақтастық

2014 жылғы 27 қарашада Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі (KZ-CERT) мен Австралия компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі (CERT AUSTRALIA) киберқауіпсіздік бойынша жедел ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды.

Екі жақтың негізгі мақсаты ішкі және халықаралық ақпараттық инфрақұрылымдарды қорғау деңгейін жақсарту,ақпараттық инфрақұрылымдардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында ынтымақтасу үшін компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметтері арасында стратегиялық ынтымақтастық орнату болып табылады.