Қырғызстанда киберкеңістіктегі ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша халықаралық конференция өтті

2014 жылғы желтоқсанның 4-5 аралығында Бишеке қаласының Ақ-Кеме қонақ үйінде киберкеңістіктегі ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша екі күндік халықаралық конференция өтті. «Киберкеңістіктегі ақпараттық қауіпсіздіктің реттеуші және техникалық аспектілері» атты конференцияның жұмысына жетекші халықаралық сарапшылар, ТМД, Еуропа, Канада, Америка елдерінің мамандары, сондай-ақ ТМД елдерінің бизнес компаниялары қатысты. «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК қызметкерлері  конференцияға сарапшылар ретінде қатысты.

Конференцияның мақсаты – Еуропа, ТМД мен Американың ұлттық киберқауіпсіздік тәсілдерін салыстыру. Әлеуметтік желілерді реттеу, мобильдік желілердегі дербес деректерді қорғау, Интернетті басқару мәселелеріне қатысты тақырыптар қаралды. Бұдан басқа, іс-шара барысында телекоммуникациялардағы ақпараттық қауіпсіздік, экономикалық қауіпсіздік, киберқауіпсіздік бойынша халықаралық шақырулар мен өте маңызды инфрақұрылым жөніндегі өзекті мәселелер талқыланды.   

Конференцияның жұмысы аяқталғанда киберкеңістіктегі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірыңғай, үйлестірілген тәсілін әзірлеу мақсатында ұсынымдар берілді.