Ақпараттық қауіпсіздік және радиотехника бойынша олимпиада басталады

Мемлекеттік техникалық қызмет РМК Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетімен бірлесіп техникалық оқу орындарының 3-4 курс студенттерін және магистранттарын «Ақпараттық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік, радиотехника мен телекоммуникациялар» атты II жоғары оқу орындары арасындағы студенттік олимпиаданың басталуы туралы хабарландырады.

Тіркелу 2015 жылғы 1 сәуірден басталады. Тіркеу процедураларын http://olympiada.sts.kz сайтына өтініш беру арқылы 1 -3 сәуір аралығында өтуге болады.

Барлық сұрақтар бойынша olympiada@sts.kz электрондық почта арқылы хабарласуға болады. Олимпиадаға қатысу тегін. Жеңімпаздарды сыйлықтар күтуде – смартфондар мен планшеттердің соңғы үлгілері!

Өзіңе сеніп, олипиадаға қатыс, жүлдегер бол, сыйлықтар мен Мемтехқызмет РМК-да жұмыс істеу мүмкіндігіне ие бол!