"ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТТІҢ" АҚПАРАТТАНДЫРУ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МОНИТОРИНГІ

«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ Қазақстан Республикасы Заңының 7-4-бабы 1-тармағының 

7-1) тармақшасына сәйкес (http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1500000418) ҚР ҰҚК «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК (бұдан әрі – «МТҚ» РМК) Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы (бұдан әрі – АҚҰҮО) «Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингінің жүйесі арқылы "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін» (бұдан әрі –АҚҚМ) жүзеге асырады. 

       АҚҚМ жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 52/НҚ бұйрығымен бекітілген «Электрондық үкіметтің»

ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мониторинг жүргізу қағидаларында (http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800017019) айқындалған.

      АҚҚМ негізгі мақсаты ақпараттық қауіпсіздік қатерлері мен инциденттерін айқындау арқылы «электрондық үкіметтің»

ақпараттандыру объектілері (бұдан әрі –ЭҮ АО) иелерінің және (немесе) иеленушілерінің ЭҮ АО ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі техникалық және ұйымдастырушылық іс-шараларды іске асыру толықтығы мен сапасын қадағалау болып табылады. 

      ҚР ҰҚК және АҚҰҮО міндеттері мен функцияларын іске асыратын «МТҚ» РМК арасындағы шарттық қатынастардың негізінде АҚҚМ жүзеге асырылады. 

АҚҚМ объектілері өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген, соның ішінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ЭҮ АО болып табылады. 

АҚҚМ келесі жұмыс түрлерін қамтиды:

−АҚ инциденттеріне әрекет етудің мониторингін жүргізу;

−қорғалуын қамтамасыз етуге мониторинг жүргізу;

−қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етудің мониторингін жүргізу.