Сауал және жауап

MNP ДЕГЕН НЕ
MNP (Mobile Number Portability) қызметі – бұл ұялы байланыс операторына  абоненттік нөмірді сақтай отырып көшу мүмкіндігі.

Негізгі ұғымдар:
Оператор - донор (бұдан әрі – донор) – байланыс желісінен абоненттік нөмірді көшіру жүзеге асырылатын ұялы байланыс операторы.
Оператор - реципиент (бұдан әрі – реципиент) – байланыс желісіне абоненттік нөмірді көшіру жүзеге асырылатын ұялы байланыс операторы.


ЕГЕР АБОНЕНТТІК  НӨМІРДІ  КӨШІРУДЕН  БАС  ТАРТУ ТУРАЛЫ  ХАБАРЛАМА  АЛСАҢЫЗ

Сізге бұрын қызмет көрсетілген ұялы байланыс операторының кеңсесіне жүгіну және бас тарту себебін білу қажет. 
Бас тартудың ықтимал себептері:
1) нөмір сіздің атыңызға тіркелмеген
2) сұрау салудағы барлық қажетті жолдар толтырылмаған
3) абоненттік нөмірді соңғы көшіру мерзімінен күнтізбелік 60 күн өткен жоқ
4) аталған абоненттік нөмірді көшіруге берілген белсенді өтінімнің айқындалуы

ЕГЕР  ОҢ  ШЕШІМ  ТУРАЛЫ  ХАБАРЛАМА  АЛСАҢЫЗ
Алынған SIM-картаны өз телефоныңызға ауыстыру.