Жұмыскерлерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары мен біліктілік комиссиясы туралы ереже

Қазакстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорны жұмыскерлерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары мен біліктілік комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ

      1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорны жұмыскерлерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары мен біліктілік комиссиясы туралы Ереже (бұдан əрі - Ереже) 2007 жылғы 15 мамырдағы №251-III Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі жəне Қазақстан Республикасы Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 22 қарашадағы №273 бұйрығымен бекітілген басшылар, мамандар жəне басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамасы негізінде əзірленген ішкі нормативтік акті болып табылады жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорны (бұдан əрі - Кəсіпорын) жұмыскерлерінің кəсіби деңгейіне байланысты біліктілік санаттарын беру тəртібі мен лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын анықтайды.

     2. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар:

     өндірістік бөлімше – Кəсіпорынның негізгі қызметін жүзеге асыруға бағытталған перспективалық жəне ағымдық бағдарламалар мен жоспарларды іске асыру бойынша функцияларды тікелей орындайтын, Кəсіпорынның құрылымдық бөлімшесі;

     əкімшілік бөлімше – өндірістік үдеріспен байланысты емес, бірақ Кəсіпорын қызметін жүзеге асыруға бағытталған перспективалық жəне ағымдық бағдарламалар мен жоспарларды құру жəне іске асыру бойынша жұмысты қамтамасыз ететін жəне өндірістік бөлімшелердің жұмысы үшін қалыпты жағдайлар тудыратын, Кəсіпорынның құрылымдық бөлімшесі;

     мамандық – бұл білімі туралы құжатпен расталған, белгілі бір қызмет түріне қажетті білімдер, дағдылар мен біліктер тəжірибесі жəне мақсатты дайындық жолымен алынған кешен;

     біліктілік – жұмыскердің аталған қызмет түрі аясында нақты міндеттер орындай алу қабілеті (немесе білімін жалғастыру немесе кəсіби қызметін орындауға кəсіби дайындық деңгейі мен түрі);

     лауазым – жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі, оған құқықтық актілермен белгіленген лауазымдық міндеттер мен лауазымдық құзыреттілік шегі жүктелген.

     біліктілік санаты – ішкі лауазымдық біліктілік санаттаумен лауазымдар бойынша, орындалатын жұмыстардың күрделілігін білдіретін, жұмыскердің біліктілігіне қойылатын талаптардың деңгейі;

     біліктілік комиссиясы – өндірістік жəне əкімшілік персоналға біліктілік санатын беру жəне лауазымға біліктілік талаптарына сəйкестігін растау үшін Кəсіпорында құрылған жұмыс органы;

     мамандық бойынша жұмыс өтілі – кəсіптік біліміне сəйкес мамандық бойынша жұмыс уақыты;

     бейіні бойынша жұмыс өтілі – құрылымдық бөлімшенің функциялары мен бейініне сəйкес мамандық бойынша жұмыс өтілінің бар болуы;

     3. Біліктілік талаптары лауазымдар санаттарына (осы Ережеге қосымша) белгіленген жəне тұлғалар мен осы санатқа жататын, лауазымды атқаруға үміткер, немесе лауазымды атқарып отырған жұмыскерлер мен тұлғаларға ұсынылады жəне олар бойынша ішкі лауазымдық біліктілікті санаттау қарастырылған.

     4. Əр лауазымның біліктілік талаптарының мынадай бөлімдері бар:

     1) «Білім бейініне қойылатын талаптар» бөлімі жұмыскердің бейініне қатысты қойылатын негізгі талаптардан тұрады;

     2) «Біліктілікке қойылатын талаптар» бөлімі жұмыскердің кəсіби дайындығына - қарастырылған лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті біліміне қойылатын талаптардан жəне жұмыс өтіліне қойылатын талаптардан тұрады. Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар осы немесе өзге лауазымды атқаруға қойылатын шарт болып табылады. Жұмыс өтілінің біліктілікпен үйлесуі жұмыскердің кəсібиі білімдері мен іскерлік қасиеттерін бағалау кезіндегі негізгі өлшемдердің бірі болып табылады.

     5. Жұмыс өтіліне жəне біліктілікке (кəсіби дайындық деңгейіне) қойылатын талаптар жұмыскердің кəсіби білімдерін жəне іскерлік қасиеттерін бағалау кезіндегі негізгі өлшемдердің бірі, осы немесе басқа лауазымды атқару үшін шарт болып табылады.

     6. Біліктілік комиссиясы (бұдан əрі – Комиссия) Кəсіпорын директорының бұйрығымен құрылады жəне кадрларды орналастыру жəне пайдалану, дұрыс таңдау, кəсіби білім деңгейін анықтау үшін қызмет етеді.

     7. Комиссия құрамына директордың орынбасарлары, бас бухгалтер, құрылымдық бөлімшелердің, оның ішінде Кəсіпорынның кадр жəне заң қызметі басшылары мен комиссия хатшысы болып табылатын кадр қызметінің өкілі кіреді.

     8. Құрылымдық бөлімшенің басшысы кандидатқа оның кəсіби жəне тұлғалық қасиеттеріне, еңбек қызметі нəтижелеріне негізделген бағасы бар, жұмысқа қабылданған, лауазымға тағайындалған немесе біліктілік санатын берген кезде біліктілік талаптарына сəйкестігін анықтау үшін ұсыным ресімдейді.

     9. Комиссия құрылымдық бөлімшенің кандидатқа ұсынымын оқып- зерттегеннен кейін, сондай-ақ, қажет болған жағдайда олармен əңгімелескеннен кейін, Кəсіпорынның ішкі нормативтік актілерімен белгіленген, ең аз жəне ең көп лауазымдық жалақы шегінде, бекітілген еңбекақысы жүйесіне сəйкес лауазымдық жалақы белгілеу жəне лауазым бойынша біліктілік талаптарына жұмыскердің сəйкестігі туралы немесе ол бойынша ішкі лауазымдық біліктілікті санаттау қарастырылған лауазымға біліктілік санатын беру туралы шешім қабылдайды немесе дəлелді бас тартады.

     10. Біліктілік талаптарымен белгіленген жұмыс өтілі немесе арнайы дайындығы жоқ, бірақ жеткілікті практикалық тəжірибесі бар, жəне өздеріне жүктелген лауазымдық міндеттерді сапалы жəне толық көлемде орындаушы жұмыскерлер, құрылымдық бөлімшелердің, комиссияның ұсыныстары бойынша, ерекше тəртіппен, лауазымға тағайындалуы мүмкін немесе оларға жұмыс өтілі мен арнайы дайындығы бар жұмыскерлерге сияқты, тиісті лауазым бойынша санат берілуі мүмкін.

     11. Комиссия мəжілісі қажеттілігіне қарай өткізіледі, ал қабылданған шешімдер тиісті хаттамалармен ресімделеді.

     12. Комиссия хатшысы Комиссия хаттамасына қол қойылған күні жұмыскерлерді хаттамамен оған қол қойғыза отырып таныстыруы тиіс. 13. Комиссия мəжілісінің хаттамасы негізінде жұмыскерді жұмысқа қабылдау, лауазымға тағайындау немесе жұмыскерге санат беру туралы Кəсіпорын директорының бұйрығы шығарылады.

     14. Жұмыскерлердің еңбек кітапшаларына оларға тағайындалған біліктілік санаты туралы тиісті жазба жасалады.

     15. Жұмыскерлер, Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда, Комиссия мəжілісінің хаттамасымен танысқан күннен бастап 5 күн ішінде Кəсіпорын директорының атына жазбаша шағымдануға құқылы.

     16. Осы Ереже қағидаларының бұзылуы анықталған жағдайда, Кəсіпорын директоры Комиссия шешімін болдырмауға құқылы жəне Комиссияның қайталама мəжілісін тағайындайды.