ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

Кәсіпорын қызметінің мақсаты
Ақпараттандыру, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба, байланыс және телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті жүзеге асыру.

Миссиясы – Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігі мен байланыс инфрақұрылымының қауіпсіздігін қалыптастыруды, дамыту мен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға жәрдемдесу.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 362 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің «Телекоммуникациялар саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылды. 

Үкіметтің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 49 қаулысымен Кәсіпорын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта аталды. 
2014 жылғы 17 с
әуірдегі № 369 Үкімет қаулысымен Кәсіпорын Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны деп қайта аталды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 100 қаулысымен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта аталды. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулысына сәйкес Кәсіпорын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта аталды.

Негзігі қызмет түрлері
Кәсіпорын мемлекеттік монополияға жатқызылған келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады
ақпараттандыру саласында:
1) ақпараттық жүйені, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық тұғырнамасын және мемлекеттік органның интернет-ресурсын олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне аттестаттық тексеру;
2) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін қорғауды қамтамасыз ету мониторингі;
3) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мониторингі;
4) қауіпсіз пайдалану мақсатында мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының мониторингі және ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне әрекет ету;
5) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеу жағдайлары мен функционалдығының өзгермеуін мониторингілеу;
6) Интернетке қолжетімділіктің бірыңғай шлюзін және «электрондық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзін сүйемелдеу;
7) сервистік бағдарламалық өнімді, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық тұғырнамасын, Интернет-ресурсты және мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның өте маңызды объектілеріне жатқызылған, мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтан өткізулер;
8) сервистік бағдарламалық өнімді құру немесе дамытуды жобалауға арналған тапсырманы ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне қатысты келісу;
9) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингі жүйесі арқылы «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингі;
10) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға және дамытуға бағытталған инвестициялық ұсынысты, бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі мен техникалық тапсырманы ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сараптау;
11) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингі жүйесін ұйымдастырушылық және техникалық сүйемелдеу;
12) жоғары деңгейдегі қазақстандық домендік атауларға қызмет көрсететін домендік атаулар серверлерінің жұмыс істемей қалуы болмаушылығын мониторингілеу;
13) қызметін Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асыратын байланыс операторларының телекоммуникациялар желілерін адрестеу және нөмірлеу жоспарларын әзірлеуді сүйемелдеу;
14) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің және телекоммуникациялар желілерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін айқындау, талдау және болдырмау бөлігінде ақпараты қорғау құралдарын әзірлеуге қатысты жұмыс.
электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласында:
1) шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалылығын растауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапы;
2) куәландырушы орталықтардың электрондық цифрлық қолтаңбасы ашық кілттерінің тиесілігі мен дұрыстығын растауды жүзеге асыратын  Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығы;
3) «электрондық үкіметке», мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерге қатысушыларға қызмет көрсететін Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы;
4) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінде мемлекеттік органдарға, мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына қызмет көрсететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын куәландырушы орталығы
байланыс саласында:
1) радиосигналдар параметрлерін өлшеуді, радиоэлектрондық аппаратураның жанама электромагниттік сәулеленуін байқауды қоса алғанда, радиожиілік спектрі мен радиоэлектрондық құралдардың мониторингі жөніндегі жұмыстарды техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып жұмыс істейтін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды анықтау жөніндегі жұмыстарды техникалық қамтамасыз ету;
2) радиоэлектрондық құралдардың және радиожиіліктерді иелікке берудің тізілімін (дерекқорын) жүргізуді, сондай-ақ халықаралық тоғысу нүктелерін техникалық қамтамасыз ету;
3) радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу;
4) Халықаралық  электр байланысы одағында Қазақстан Республикасының орбиталық-жиіліктiк ресурсын халықаралық үйлестiру бойынша іс-шараларды техникалық сүйемелдеу;
5) Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтан басқару жүйесін техникалық сүйемелдеу;
6) абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыруды, жұмыс істеуін, сүйемелдеуді және дамытуды қамтамасыз ету және оның ресурстарына қол жеткізуге рұқсат беру;
7) Қазақстан Республикасы аумағында қалааралық және халықаралық операторларының интернет-трафикпен алмасу нүктелерін ұйымдастыру және техникалық сүйемелдеу;
8) куәландырушы орталықты ұйымдастыру мен техникалық сүйемелдеу;
9) уәкілетті орган байланыс операторлары көрсететін қызметтердің сапасын бақылауды жүргізген кезде жұмыстарды техникалық қамтамасыз ету;
телерадио хабарларын тарату саласында:
1) телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкілетті орган жиіліктерді, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) іріктеу бойынша жүргізетін жұмыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық  сүйемелдеу;
2) телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкілетті орган тұрғындардың теле-, радиоарналарын қабылдау сапасын бақылауды жүргізген кезде жұмыстарды техникалық сүйемелдеу;
3) телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау жүргізуді техникалық қамтамасыз ету.