Халықаралық және аймақтық сарапшылар Алматыда өткен алтыншы орталық азиялық форумда ғаламдық желінің дамуын талқылады

14-15 мамыр күндері Алматы қаласында алтыншы рет «Орталық Азиядағы интернет саласының, дамуы lnternetCA-2015» атты Форумы өтті. Жыл сайын өтетін форумның биылғы тақырыбы Интернеттегі қayiпciздік мәселелеріне арналды. Ic-шара барысында Орталык Азия елдері мен ЕЫҚҰ мамандары, Германия, Ресей, Украина, Болгария мемлекеттерінен келген сарапшылар ғаламдык желінің мүмкіндіктері, қауіп-қатерлері, қазіргі жай-күйі жайлы пікірлерімен, болжамдарымен және шешімдерімен бөлісті.

«Қазконтент» АҚ ұсынған мәліметтер бойынша, қазақстандықтардың 57%-ы интернетті күнделікті қолданады. Соңғы жылы еліміздегі интернет қолданушылардың саны 12 миллионға жеткен.

Қазақстандықтардың 40%-ы интернетті телеарнадан кейін негізгі ақпарат көзіне жатқызады. Бұл деректер MediaNet Халықаралық журналистика орталығы жанындағы «DEMOSCOPE» қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы жүргізген зерттеуден алынды.

Бұған дейін 2012 жылы «DEMOSCOPE» қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы осы тақырыпта сауалнама жүргізген болатын. Ол кезде тек респонденттердің 24%-ы ғана Интернетте жарияланған ақпараттарға ceнетінін айтқан.

Дүниежүзілік Экономикалық Форум (ДЭФ) жариялаған мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан 2014 жылы ақпараттық технологиялар бойынша, 148 әлем мемлекеттері арасынан 40-орынды иемденген. 2013 жылмен салыстырғанда желілік дайындық индексі бойынша 3 сатыға жоғарылаған. Бұл тізімде Тәжікстан 117-орында (2013 жылы 112-орын), ал Қырғызстан 98-орында тұр (2013 жылы 118-орын).

Форумда Орталық Азия елдерінің (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан) сарапшылары өз елдеріндегі интернеттің қазіргі жағдайын, ертеңгі дамуын талқылады. Сондай-ақ, акпараттық қayiпciздік мәселелері бойынша ой бөлісті, интернет мүмкіндіктері жайлы сөз қозғады. Сонымен катар, шараға Германия, Болгария, Нидерланды, Ресей, Украина елдерінің сарапшылары қатысты.

Форумда БАҚ бостандығы және ұлттық кауіпсіздік мәселелері, Интернетті дамытудағы мемлекеттік басымдықтар; Компьютерлік инциденттерге әрекет ету кызметінің кыр-сыры, Орталык Азия елдерінде интернетті пайдалану кауіпсіздігі және әйелдерді террористік мақсатта бip топка жұмылдыру үшін әлеуметтік желілерді құрал ретінде пайдалану жолдары және т.б. баяндамалар талқыланды.

Форумда Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің және «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінің жетекшілері сөз сөйледі. Форумды MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Астанадағы ЕЫҚҰ Офисінің және Конрад Аденауэр атындағы Қордың демеушілігімен ұйымдастырды.