Қызметтің негізгі түрлері

     Радиожиілік спектр мен радиоэлектрондық құралдар мониторингі, радиоэлектрондық құралдар мен радиожиілік берудің ұлттық деректер қоры жүйесін сүйемелдеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құрылғылардың радиоэлектрондық құралдарының электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымына ықпалдастырылған, ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді техникалық сүйемелдеуге қатысу.

     Миссия - Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы заманауи құралдар мен әдістерді пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының байланыс және телекоммуникация саласын, мемлекеттік органдардың ақпараттық қауіпсіздік инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытуға ықпал ету.